28.10.2026
2026 жылғы 12–14 қазан аралығында «Алпамыс» балабақшасында «Айгөлек», «Балдаурен», «Смешарики», «Солнышко», «Затейники» және «Непоседы» топтарында жарқын, әсерлі әрі ұмытылмас күзгі ертеңгіліктер өтті.

🍁 Әрбір мереке күздің ғажайып көріністеріне, қуаныш пен балалар шығармашылығына толы болды. Тәрбиеленушілер ән айтып, би билеп, тақпақтар оқып, көңілді ойындар мен театрландырылған қойылымдарға белсене қатысты.

🎶 Педагогтер мен музыка жетекшісі қызықты мерекелік бағдарламалар дайындап, балаларға ерекше көңіл күй сыйлады. Әсем костюмдер, ертегі кейіпкерлері мен қызықты қойылымдар мерекенің сәнін келтірді. Әрбір бала өз өнері мен шығармашылық қабілетін көрсетуге мүмкіндік алды.
🎨 Мерекелік іс-шаралардың ерекше бір бөлігі «Күзгі бояулар» атты күзгі қолөнер бұйымдарының көрмесі болды. Көрмеге тәрбиеленушілер ата-аналарымен бірге белсене қатысты. Табиғи материалдардан, көкөністерден, күзгі жапырақтардан және басқа да күз сыйларынан жасалған ерекше композициялар ұсынылды.
🍂 Көрме балабақша мен отбасы арасындағы шығармашылық ынтымақтастықтың тамаша үлгісіне айналып, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен шабыт сыйлады.
❤️ Осындай тамаша мерекелерді ұйымдастырған педагогтерге, сондай-ақ белсенділік танытып, шығармашылық қабілеттері мен қиялдарын көрсеткен ата-аналарға шын жүректен алғыс білдіреміз!
✨ «Алпамыс» балабақшасындағы алтын күз балаларға ұмытылмас әсер, қуанышты сәттер мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады!


